Алты мыңнан астам ресейлік азамат шетелдік мемлекеттердің бостандықтан айыру орындарында қамауда отыр.
Бұл туралы брифинг барысында РФ СІМ-нің ресми өкілі Александр Лукашевич мәлімдеді, деп хабарлайды Росбалт.
«Біздің консульдық қызметіміздің мәліметтерінше, шетелдік мемлекеттердің аумағында алты мыңнан астам ресейлік азамат жазасын өтеуде, түрмеге отырғызылды, қамауға алынды немесе ұсталды», - деді ол.
Дипломаттың айтуынша, ресейлік сыртқы саяси ведомствоның консульдық департаменті қазіргі кезде 2013 жылы барлық шетелдік мекемелерден келіп түскен есеп берулерді тексере отырып, статистикалық мәліметтердің өңделуін жүргізуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
В Атырау +4