Атырау, 5 қазан 15:30
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты – Цой

1 544 просмотра

Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, әлемдік рейтингте Қазақстан сырқаттану жағдайы бойынша 110-орында, өлім-жітім көрсеткіші бойынша 222 елдің ішінде 102-орында тұр.

Соңғы бір айда аурушаңдық 3,1 есеге, стационарлық және амбулаториялық жағдайда ем алып жатқан науқастар саны 1,7 есеге азайды. Инфекциялық төсек-орындар 23%, реанимациялық төсектер 20% толы. Жалпы алғанда, COVID-19 ауруының оптимистік сценарийімен келе жатырмыз, - деді Алексей Цой.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша көптеген өңірлер және жалпы Қазақстан Республикасы «жасыл аймақта» тұр. «Сары аймақта» Нұр-сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары

Бүгінгі таңда 8,8 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек тұрғындардың 78%-ы, сондай-ақ 8,3 млн-нан астам адам немесе ересек адамдардың 73%-ы екінші компонентін алды.

14 желтоқсан 2021, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.