Атырау, 23 қараша 10:29
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан халқы 2012 жылы 236 мың адамға артты

2 417 просмотра

АСТАНА,  14  ақп -Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан халқы 2012 жылы  236 мың адамға артты деп мәлімдеді статистика агенттігінің төрағасы  Әлихан Смайылов деп хабарланады премьер-министрдің ресми сайтында. 

«2013 жылдың 1 қаңтарына халық саны 16 911,9 мың адамды құрады, және алдыңғы жылдың басымен салыстырғанда 236 мың адамға немесе 1,4%-ға артты»,- деді Смайылов 2013 жылдың қаңтар айына әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында.

Бұл ретте 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында 238 мың адамды құраған халық саны табиғи өсім есебінен артқаны атап өтілді.

Оған қоса, республикадағы демографиялық жағдай туралы айтқанда Әлихан Смайылов 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында АЖАТ органдарымен туылғандар саны 2011 жылға қарағанда 1,9%-ға артық тіркелгенін, олардың саны 379 мыңды құрағанын хабарлады.

Ал, 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында ҚР-да қайтыс болғандар санына келсек, ол 141,2 мың адамды құрады, бұл 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан көрсеткіштеріне қарағанда 2,4 %-ға кем.

Дереккөз: newskaz.kz

14 ақпан 2013, 19:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.