
"Алматы аруы - 2021" Азиза Тоқашева "Ғалам аруы - 2021" халықаралық сұлулық байқауында жартылай финалында дефиле көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жартылай финалда ұлттық және кешкі киімдерде, сондай-ақ шомылу киімінде дефиле болды.
"Керемет эмоция алдым. Барлығына қолдау үшін алғыс айтамын, мені туыстарым, достарым мен отандастарым ғана емес, сонымен қатар, басқа елдерден жанкүйерлер қолдап, мақтау сөздер жазып жатыр. Байқаудағы атмосфера керемет. Қазақстан намысын осындай байқауда қорғауға мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын", - деді Азиза тілшімізге берген сұхбатында.
11 желтоқсан 2021, 10:09
В Атырау -9