Бүгін, 14 ақпанда Астанада Мұнай-газ компанияларының форумы өз жұмысын бастады. Осы форум шеңберінде «Қазмұнайгазсервис-2013» конференциясы өтеді.
Форумның негізгі мақсаты – қазақстандық сервистік компаниялардың, ең алдымен «Теңізшевройл» ЖШС-нің Келешек кеңею жобасынан тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың орташа мерзімді жоспарларына қол жеткізу (5 жылда 20 млрд доллар шамасында).
Форумға ҚР Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы Қ. САФИНОВ, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н. САУРАНБАЕВ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары М. МЫРЗАҒАЛИЕВ және профильді министрліктердің, салалық қауымдастықтардың басқа да өкілдері, 250-дей қазақстандық өндірушілер, сонымен қатар Норвегияның, Франция мен Ресейдің сервистік компаниялары қауымдастығының жетекшілері, сатып алуды құрайтын 140 мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысады.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА, Астана - Атырау
Суретті түсірген автор