Атырау, 2 қазан 15:33
 дождьВ Атырау +15.6
$ 441.91
€ 499.05
₽ 5.30

Қара кейс бос болып шықты

2 295 рет қаралды

Біз кеше полиция қызметкерлерінің көшеден «жарылғыш құрылғы» тауып алуларына байланысты Болашақ ықшам ауданы тұрғындарының мазасыз өткізген кешкі уақыттары туралы хабарлағанбыз. 

Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАхабарлағандай, 13 ақпанда 19 сағат 22 минутта ҚІІБ-ның кезекші пультіне көрсетілген ықшам ауданның №54 үйі маңында қара кейс табылғаны жөнінде телефон соғылды. Тергеу-оперативті тобы мен «Арлан» арнайы жасағының саперлері кейсті ықшам аудан сыртындағы ашық жерге шығарып, арнайы құралдар көмегімен ашты. Кейс бос болып шықты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 ақпан 2013, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.