Атырау, 25 желтоқсан 12:17
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қазақстанда ревакциналау әдісі өзгерді

1 123 рет қаралды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ревакциналау әдісі өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссия халықты ревакциналау әдісін қайта қарағанын айтты.

"8 желтоқсаннан бастап вакцинаның екі дозасын алғандар, сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 6 айдан кейін ревакциналаудан өтеді", - деді Цой Үкімет отырысында.

Министр бүгінде ревакциналаудан өткен адам саны 44 702 болғанын атап өтті.


9 желтоқсан 2021, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.