Атырау, 19 наурыз 07:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

"Қызметкеріміз қателесті": еңбек министрлігі кешегі мәлімдемесін жоққа шығарды

2 018 просмотра

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшеріне қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейінгі ресми хабарламада министрлік зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты ең төменгі жекткілікті шекті есептеу әдістемесін әзірлегенін, бірақ барлық есеп қисапты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жасайтынын мәлімдеген.

Заң бойынша бірыңғай оператор халық арасында түсіндіру жұмыстарын да жүргізуге міндетті. Ал "еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ондай құзірет жоқ, сондай-ақ, БЖЗҚ есептеген жеткілікті шектің дұрыстығын растай алмайды" деген ақпарат таратылды. Осы хабарлама министрліктің ресми сайтында жарияланды. Бірақ біршама уақыттан кейін оны алып тастады.

Министрлік бүгінгі мәлімдемесінде осы мәселеге қатысты түсіктеме берді.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылдың 7 желтоқсанында таратылған баспасөз релизінде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегін белгілеу мәселесінде министрлік құзыретіне қатысты бұрыс тұжырымға жол берілгенін хабарлайды. Осы баспасөз релизін министрліктің ресми сайтында, аккаунттарында және әлеуметтік медиада жариялаған қызметкерге тиісті тәртіптік жазалау шаралары қолданылды", - делінген ресми хабарламада.

Осы орайда министрлік мамандары зейнетақы жинағының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін әзірлегенін тағы бір мәрте растап, алдағы уақытта оған өзгеріс енгізілмейтінін жеткізді.

"Өйткені оның қазіргі нұсқасы қазақстандықтарға болашақ зейнетақы төлемдерін қолайлы деңгейде қамтамасыз етудің қажетті өлшемдеріне толық сәйкес келеді", - дейді мамандар.

Әдістемеге сәйкес, жеткіліктілік шегін есептеудің негізгі параметрлерінің бірі - жыл басындағы ең төменгі жалақы мөлшері. Ал 2022 жылдан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 60 000-ға дейін көтеріледі. Осыған байланысты жеткіліктілік шегі де автоматты түрде қайта есептеледі.

Әдістеме қай кезде бекітілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегін айқындау әдістемесін 2020 жылда әзірлеген. Ал 2021 жылдың 6 қаңтарында үкімет оны арнайы қаулымен бекітті.

Әдістемеге сәйкес, жеткіліктілік шегі есептеу кезінде тиісті көрсеткіштер есепке алынады. Олар:

  • БЖЗҚ табыстылығының жылдық пайыздық мөлшерлемесі;
  • БЖЗҚ-жан төленетін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі;
  • ең төменгі зейнетақы мөлшерін индекстеу мөлшерлемесі;
  • жыл сайынғы индекстеумен жалақының ең төменгі мөлшері;
  • ең төменгі мөлшердегі базалық зейнетақыны есептеу үшін индекстеуді ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері;
  • міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі;
  • зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы және шекті жасы.
8 желтоқсан 2021, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.