Атырау, 23 қараша 10:30
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Елімізде суицидология қызметі ашылады

2 798 просмотра

Суицид ауруының белең алуына байланысты елімізде суицидология қызметі ашылады, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми практикалық орталығының бөлім меңгерушісі Жібек Жолдасованың сөзіне сілтеме жасап.

Әлем бойынша жылына ең кем дегенде 100 мың жасөспірім өз-өзіне қол жұмсап, шейіт болады екен. Осы келеңсіз көрініс 15-19 жастағылар арасында орын алып тұр. Оның басты себебін дәрігерлер адамның күйзеліске шалынуымен байланыстырады. Ал бірқатар психолог мамандар ата-ананың баласына дұрыс тәрбие бермеуінен іздестіреді.

Біз бала тәрбиесіне көп жағдайда мойын бұра бермейтініміз анық. Ертелі кеш жұмыста болатын ата-ана баласының сабақ үлгеріміне де қарай алмайды. Мұғалімімен тығыз байланысы да жоқ. Осы мәселелерді ретке келтіру мақсатымен республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми практикалық орталығы мектеп ұжымымен жұмыс жасауға кірісіп кетті. Суицидтің алдын алу жөнінде жақын арада арнайы бағдарлама қабылданады. Жалпы айтқанда, мектептегі психолог мамандарға жаңа оқу әдісінің қыр-сыры үйретіледі.

Дереккөз: egemen.kz

14 ақпан 2013, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.