Атырау, 18 сәуір 16:38
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Тоқаевқа Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері баяндалды

1 019 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды.

Асқар Маминнің мәліметі бойынша, қазақстандықтардың жалпы саны - 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71 пайызы - ерлер, 51,29 пайызы әйелдер.

Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы, халықтың 33,97 пайызы - 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы - 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі - 70,18 пайызға жеткен.

Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.


8 желтоқсан 2021, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.