Атырау, 9 қазан 00:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды

1 283 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Алдын ала деректер бойынша, рақымшылыққа 2 236 сотталушы және пробация қызметі есебінде тұрған 11 310 адам түседі.

Біріншіден, 1 000-ға жуық адам босатылып, 3,8 мың адам пробация қызметі есебінен шығарылады.

Екіншіден, өтелмеген жаза мерзімін қысқарту 1 294 сотталушыға және пробация қызметі есебінде тұрған адамға қолданылады.

Үшіншіден, соталды өндірістегі 5 000 қылмыстық іс қысқартылып, оның ішінде 1 674-тен аса тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

1 471 адамға қатысты жазаны қысқарту немесе босату туралы ережелер қолданылады. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.

7 желтоқсан 2021, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.