Атырау, 26 сәуір 23:35
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Алексей Цой Жаңа жылды тойлауға қатысты қазақстандықтарға кеңес берді

1 701 просмотра

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың таралуы әлі тоқтамағанын еске салып, Жаңа жылды тойлауға қатысты қазақстандықтарға кеңесін берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Цойдың сөзінше, бұл мерекені отбасымен бірге үйде қарсы алған дұрыс. "Біз отбасымен бірге қарсы алуға кеңес берер едік. Жаңа жыл - бұл отбасылық мереке, сол себепті адамдар санын барынша шектеуге тырысу керек. Вирус ешқайда кеткен жоқ. Өкінішке қарай, таралып жатыр, ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандар бар. Сондықтан өзіңізді сақтап, отбасымен көбірек уақыт өткізген жөн", - дейді министр.

Сонымен бірге, ол корпоративтер мен басқа да ауқымды іс-шараларға бармауға кеңес берді. "Қазір белгілі бір талаптар бар... Жалпы біз арақашықтық сақтауға болатын кейбір конференцияларды қоспағанда, ірі іс-шаралар өткізбейміз. Яғни, денсаулық сақтау министрлігінде (жаңа жылдық корпоратив - ред.) болмайды", - деді Алексей Цой. 

7 желтоқсан 2021, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.