Атырау, 10 қазан 15:07
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Испанияда посткеңестік кеңістіктің киберқылмыскерлері ұсталды

1 871 просмотра

Испания билігі Бенальмадена және Торремолинос қалаларында әрекет еткен киберқылмыскерлерді қолға түсіргені туралы мәлімдеді. Қылмыстық топтың құрамында алты ресейлік, екі украиндық азамат және Грузиядан шыққан тағы екі азамат болған, деп хабарлайды rbc.ru Associated Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. 

Қылмыстық топ Еуропа бойынша қолданушылардың компьтерлерін вирустық софтпен бұғаттап, ол үшін айыппұл талап етумен айналысқан. Яғни, компьютер бұғатталғаннан кейін экранда оның тыйым салынған (негізінен, лаңкестік ұйымдарға тиесілі) сайттарға кіргені үшін 100 еуро көлемінде айыппұл төлеу туралы полициядан хабарлама келіп отырған.

Алаяқтар жәбірленушілердің компьтерлеріндегі жеке мәліметтерді ұрлаумен де айналысқан. Тіпті айыппұл төленгеннен кейін де бұғаттауды алып тастамаған.

Еурополдың ақпараты бойынша, мұндай хабарлама келгендердің тек 3%-ы ғана айыппұлды төлеген. Әйтсе де, киберқылмыскерлердің алаяқтық жолмен тапқан пайдасы жыл сайын 1,35 млн долларға жетіп отырған.

Айта кетерлігі, 27 жасар ресейлік азамат қылмыстық топқа басшылық еткен. Ол Испания билігінің талабы бойынша 2012 жылы БАӘ-де қамауға алынды. Қазір оны экстрадациялау мәселелері шешілуде. 

Дереккөз: bnews.kz

14 ақпан 2013, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.