Атырау, 25 сәуір 14:56
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

2022 жылы қанша адам зейнетақы жинағын пайдалана алады? БЖЗҚ басшысының жауабы

1 233 просмотра

БЖЗҚ төрағасы Жанат Құрманов 2022 жылы зейнетақы жинағының бір бөлігін қанша қазақстандық баспанаға және емделуге пайдалана алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылы біздің есебіміз бойынша зейнетақы жинағын пайдалана алатын адамдардың саны шамамен 582 мың адам болады. Алуға болатын жинақтың жалпы сомасы шамамен 900 миллиард теңгені құрайды", - деді Құрманов.

Ол ең төменгі шегі жыл сайын қайта қаралатынын түсіндірді.

"2021 жылдың қаңтарынан бастап азаматтарымыз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу, басқарушы компанияларға ауыстыруға пайдалану құқығын алды. Әлеуметтік жағдайдың өзгеруін ескере отырып, ең төменгі шек жыл сайын Үкімет қаулысымен бекітілген әдістемеге сәйкес қайта есептелуі тиіс деп жоспарланып отыр. Мұндай есеп 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруін ескере отырып жүргізіледі", - деп нақтылады Құрманов.

Ол бұл міндетті зейнетақы жарналарын ұстайтын, жұмыс істейтін азаматтарға әсер ететінін айтты. Бұл қазіргі зейнеткерлерге де, жасы бойынша енді зейнетке шығатындарға да әсер етпейді.

3 желтоқсан 2021, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.