Атырау, 25 желтоқсан 10:36
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Жоғарғы соттың бұрынғы судьясы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

1 626 рет қаралды

Нұр-Сұлтанда Жоғарғы соттың бұрынғы судьясы Жанғұттинов бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық сот сайтына сілтеме жасап.

Сот Жанғуттинов жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам ретінде (Жоғарғы Соттың судьясы, өкілеттіктері тоқтатылды) пара алу желеуімен Тұрғынбаевадан (Шымкент әл-Фараби аудандық сотының судьясы, өкілеттіктері тоқтатылды) делдал Абдусаттаров арқылы 7 мың долларды ұрлауға тырысты деп тапты. Жанғуттинов ақша алған кезде ұсталған.


Тұрғынбаева делдал арқылы жауапты мемлекеттік қызметтегі адамға ірі көлемде – 27 мың доллар пара берген.

Тергеу органы Абдусаттаровқа қатысты құқық қорғау органына пара бергені туралы өз еркімен арыздануына байланысты қылмыстық істі сот талқылауына дейін тоқтатты.

"Жанғұттинов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Тұрғынбаеваға жазаны жеңілдететін мән-жай – жасаған ісіне өкіну, қылмысты ашуға және қылмысқа басқа да қатысушыларды әшкерелеуге белсене көмектесу (ҚК-ның 55-бабы 4-бөлігі) ескеріліп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Екі айыпталушы да өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


3 желтоқсан 2021, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.