Атырау, 25 қараша 10:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ғашықтық - азап,азабы ғажап бірақ та

15 933 просмотра

Барлық ғашықтар күні қарсаңында техникалық гимназияның 7-8 сынып оқушыларына махаббат пен достық тақырыбына шағын эссе жазуға тапсырма беріліпті. Бұдан төмендегідей шығармалар туындаған еді...

ҚИЯЛМЕН САМҒАУ

Әлі есімде, біздің 9 «А» сыныбында сабақ бастар кезде математика пәнінің мұғалімі Елизавета Алексеевна, дені сау болғыр, ауыр күрсініп: «...Сынып іші гормондарға толы, тыныстау мүмкін емес, бұл жерде интегралдарға орын қайдан болсын!..» дейтін еді. Ұсынылған тақырыпты оқушылардың керемет энтузиазммен қабылдап, әрқайсысының өз шамаларына қарай бастарынан өткен беймәлім сезімді түсіндіруге тырысуы ғажап емес.

«Махаббат  – бұл сүйікті адамыңды көргенде бойыңа күш бітетін сезім, - деп жазады оқушылардың бірі. - ...Бұл кезде өз-өзіңе не болғанын түсінбей, абдырап кетесің... Бастысы – ұялшақтықтан арылу...».

Екіншісі қысқа әрі нұсқа жазыпты: «Достық – бұл құпияңмен, сырыңмен бөлісу, ал махаббат – бұл адалдық».

«Адамда түсініксіз, өзгеше сезім пайда болып, тіпті ауырып қалуың да мүмкін, - депті бір оқушы, шамасы өзін мысалға алса керек. – Меніңше, тіпті ұйқыға кетсең де сол адамды армандап, қиялға берілесің. Ол адам түсіңе енеді. Тіпті, мен оған қоңырау шалып, ол жауап берсе де, бақыттан төбем көкке жеткендей боламын. Содан соң адамды түсіне бастайсың».

Авторлардың ішінде кездейсоқ туындаған сезімді естелікпен бағалайтындар да бар боп шықты (стилистикасы сақталған): «Алғашқы махаббат - бұл тек сезім ғана. Бұл біраз уақыт дертке шалдығу. Дегенмен, мұны алғашқы махаббат деп ойламаймын, бұл тек бір адамның екінші бір адамға ұнауы. Махаббаттың аяқталу себебі – оның махаббат болмауы, бәлкім, уақыт өте адамдардың өздері, мінез-құлықтары өзгеретіндіктен шығар. Достықтың аяқталуына сатқындық, опасыздық себепші болады».

 

ДОСЫҢЫЗ ҚИЫНДЫҚҚА ТАП БОЛСА

Сатқындық туралы айта кетсек. Көпшілігі махаббат сезімінің жоғалуына осы себеп екенін көрсеткен. Жастық шақтың ұшқырлығын айтсаңызшы: «Егер досың сатып кетсе, егер саған көңіл бөлуді қойған болса, достықтың үзілу себебі осы. Ал махаббаттың аяқталуына, егер екінші сыңарың опасыздық жасаса, қызғанатын болса, осы себеп. Соның салдарынан адамға деген махаббат пен сүйіспеншілік жоғалады».

«Махаббат деген екі адамның бір-біріне ұнауы, деп жазыпты бір қыз бала.   Бұл жұптар арасындағы нәзік сезім. Достықтың аяқталуына – сатқындық, іштарлық, шүбә келтіру себеп болады, ал бір бірін түсінбеушілік махаббаттың түбіне жетеді. Достық – адалдық, махаббат – бір біріне деген сенім».

«Бұл - тілмен жеткізу өте қиын сезім. Бір ай бойы көз ілмейсің, ас батпайды (менде солай болды), - деп тәжірибесімен бөлісіпті бір гимназия оқушысы. – Бірақ қатты қалап тұрсаң да, онымен сөйлеспейсің. Оған бірнеше себептер бар: 1. Ол басқа адамды жақсы көреді. 2. Ата-анаң үшін. 3. Орынсыз қызғаныш салдарынан. 4. Қызығушылықтарың әртүрлі болған соң».

Эсселердің бірінің суреті туралы да айта кетелік. Шамасы бозбала осы тақырыпқа қатты ойланса керек, бір сезімнен екінші сезімге нұсқап, көп сызғылап, бәрін шатастырыпты. Бәлкім, шатастырмай, ұғынғаны ма екен?..

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

14 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.