Атырау, 12 сәуір 20:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Тоқаев 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшерін бекітті

1 808 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымы Ақордаға сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Заңға сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • ең төменгі жалақы 60 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы - 46 302 теңге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлдарды, салықтарды және өзге де төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 063 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері - 36 018 теңге.

Заң 2022 жылы күшіне енеді.

2 желтоқсан 2021, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.