Атырау, 25 желтоқсан 10:37
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Бақытжан Сағынтаев денсаулығына байланысты демалысқа шықты

1 564 рет қаралды

Бақытжан Сағынтаевқа ангина (тамақ ауруы) диагнозы қойылды. Сондай-ақ, оның дене қызуы көтерілгені айтылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Сағынтаев денсаулығына байланысты 2 желтоқсанда өтіп жатқан Almaty Investment Forum 2021-ге қатыса алмаған. Ол форумда сөз сөйлеуі керек болған.

"Әріптестер, Бақытжан Әбдірұлы денсаулығына байланысты демалысқа шыққанына осымен үш күн болды. Таңертең форумға қатыса алмады (Almaty Investment Forum 2021 - ескерт.), өйткені ол ем қабылдап жатыр. Оған ангина диагнозы қойылды, қызуы бар. Мүмкін, сағат 16.00-де ол онлайн режимінде қатысады", - деді Мұқажанов.
2 желтоқсан 2021, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.