Атырау, 6 маусым 15:13
 дождьВ Атырау +26.6
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

БҚО-да мас полицей жол апатына ұшырап, адам өліміне себепші болды

1 622 рет қаралды

Батыс Қазақстан облысы Орал-Тасқала тасжолында Теректі полиция бөлімі бастығының орынбасары мас күйде жол апатына ұшырап, адам өліміне себепші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы жағдай туралы полиция департаментінде өткен брифингте хабарланды.

"1 желтоқсанда сағат 19:15-те Орал-Тасқала тасжолының 46-шы шақырымында екі жеңіл көлік соқтығысты, бірінде полиция қызметкері болған. Салдарынан адам өлімі болып, тағы екі адам дене жарақатын алды. Полиция қызметкері көлікті мас күйінде жүргізгені анықталды. Марқұмның туыстарына көңіл айтамыз", - деді БҚО ПД бастығының орынбасары Нұрлан Рамазанов.

Полиция қызметкері құқық қорғау органдарынан міндетті түрде босатылатыны хабарланды. Қазір ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицей қамауға алынды.

2 желтоқсан 2021, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.