Атырау, 6 қазан 13:21
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Спорт жаңалықтары

2 101 просмотра

Георгий және Йован

«Атырау» командасының футболшылары Түркияға екінші оқу-жаттығу жиындарына ұшып кетті.

«Атырау» ФК директоры Асылбек ЖҮНТЕРБАЕВТЫҢ айтуынша, «Атырауға» екі жаңа легионер қосылды. Олар: грузин жартылай қорғаушысы Георгий Пейкришвили мен серб шабуылшысы Йован Голич.

Команда ОЖЖ-да 23 ақпанға дейін болады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

 

***

«Барыстың» оянуы

«Атырау» ДСК-нде Қазақстанның Ұлттық баскетбол лигасы XXI чемпионатының кезекті ойындары өтті. Турнир кестесінде екінші орында тұрған («Астанадан» кейін) облыстық «Барыстар» командасы аутсайдер «Алматы» командасымен кездесті.

Бірінші ойында қонақтар «барыстарға» қарсылық көрсетуге тырысып, тіпті, екінші ширекте 15:14 есебімен алға да шықты. Алайда қорытынды есеп алаң иелерінің пайдасында - 79:63. «Барыстардың» ішінен Эдгарас Желенес (бір айып соққысы, төрт 2 ұпайлық және екі 3 ұпайлық лақтыру) пен Андрей Ендропов (үш 2 ұпайлық және екі 3 ұпайлық лақтыру) бәрінен көп ұпай жинады. Екінші кездесуде де ойын дәл осылай өрбіді: бірінші ширектен кейін 16:15 есебімен алматылықтар алда болған, алайда осыдан кейін «Барыстар» оянып, бар күштерін сала ойын көрсетіп, 108:60 есебімен жеңіске жетті. «Барыстар» құрамында Кристофер Макичин (төрт айып добы және он 2 ұпайлық лақтыру) мен тағы да А. Ендропов (он айып добы және екі 3 ұпайлық лақтыру) ең пайдалы ойыншылар атанды. Атырау баскетбол мектебінің шәкірті Рүстем Төлеу екі ойында да екі 3 ұпайлық лақтыру жасады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.