Атырау, 24 желтоқсан 09:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионының міндетті қарсыласы атанды

1 111 рет қаралды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) чемпионының міндетті қарсыласы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл жаңалыққа қатысты ресми мәлімдеме ұйымның ресми сайтында шықты. 

WBO орта салмақтағы чемпион америкалық Деметриус Андраде мен қазақстандық боксшының командасына жекпе-жекті ұйымдастыруға 20 күн уақыт берді. Кері жағдайда кездесуді өткізу құқығы промоутерлік бассаудаға шығады. 

Еске салайық, осыған дейін Әлімханұлының менеджері Эгис Климас WBO ұйымына хат жазып, онда қазақстандық боксшыны Деметриус Андраденің міндетті қарсыласы етіп тағайындауды сұрады.

1 желтоқсан 2021, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.