Атырау, 30 қараша 00:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Өңір футболының іргетасы

2 425 просмотра

Наурызда «Атырау» ФК жанынан балалар футбол орталығын ашу жоспарланып отыр.

Осы жобаның негізгі сәттерін талқылау үшін Атырауға футбол атқамінерлері – Ұлттық футбол лигасының (ҰФЛ) директоры Михаил ГУРМАН, ҰФЛ-дің техникалық директоры Анатолий БЕЛЯЙ, ҚФФ-ның спорттық директоры Анатолий ЮРЕВИЧ және оның орынбасары Қанат МҰСАТАЕВ келді.   

«Атырау» ФК директоры Асылбек ЖҮНТЕРБАЕВТЫҢ айтуынша, облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ қонақтармен кездесуінде өңір футболына, сондай-ақ, кез келген футбол шаруашылығының іргетасы болып есептелетін балалар футболына жан-жақты қолдау көрсетуге сөз берді.

- Бапкерлер неміс әдістемесі бойынша жұмыс жасайтын болады, - дейді А. Жүнтербаев.– Жаттығулар үдерісін Ақтөбе мен Атырау қалаларына жетекшілік ететін А. Беляй қадағалайтын болады.

Астаналық мамандар жергілікті бапкерлерге семинар өткізді, соның қорытындысы бойынша футбол орталығына 10 жаттықтырушы іріктеліп алынды. Олар: қалаға кең танымал Лобашевтар отбасы (Александр, Василий және Максим), Талғат Кенжеғалиев, Наурызғали Сариев, Радик Айтжанов, Қуаныш Қабдолов, Асқар Балашов, Андрей Гусев, Хангерей Мұхамбетов.

Орталықта 1995 ж.т. бастап 2003 ж.т. дейін 17-18 жас топтары шұғылданатын болады. Жаттығулар «Судоремонтник» (Балықшы) және «Ривьера» (Жеңіс саябағында) стадиондарында өтетін болады.

- Біз негізгі команда бюджетінен бөлек жаңа смета енгізетін боламыз, - дейді Жүнтербаев.– Орталық командаларының қазақстандық турнирлерге қатысуы үшін спорттық инвентарьлар мен киімдер алуға қаражат көздері салынатын болады.

Балалар футбол орталығының ресми ашылуы наурыздың ортасына белгіленді. «Атырау» ФК басшылығы бапкерлердің білікті жұмысы арқасында жақсы резерв дайындалады деп үміттеніп отыр.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

14 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.