Атырау, 19 сәуір 07:07
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Елімізде "Омикрон" штамы таралса, жаңа жылдық кештерге тоқтау салына ма? Маман жауап берді

1 246 просмотра

Алматыда коронавирус инфекциясының тіркелуі көбейсе, жаңа жылдық кештер тоқтатылуы мүмкін, деп мәлімдеді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова өткен брифингте. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

корпоратив

Маман санитарлық эпидемиологтар карантинді күшейту мәселесіне мереке қарсаңында болатын жағдай әсер ететінін атап өтті. Қалада омикрон штамы анықталса, мерекелік кештер тоқтай ма деген сұраққа Әсел Қалықова былай жауап берді.

"Аурудың көбеюіне тек "омикрон" ғана әсер етіп отырған жоқ, оны барлық штаммдар тудыруда. Әлбетте, кейбір қосымша шаралар қабылданатын болады. Ал қазір үкім шығаруға немесе қорытынды жасауға әлі ерте, бірақ шараларды назардан тыс қалдырмау қажет, оларды сақтау керек", –  деді ол.

Маман сонымен қоса зертханалар инфекцияның барлық нұсқаларын анықтау үшін жұмыс істеп жатқанын да айтты.

30 қараша 2021, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.