Атырау, 19 сәуір 17:19
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Соғыстан аман қалған қазақстандық әжей өз немерелерін 20 жылдан кейін Германиядан тапты

1 045 просмотра

Алматы қаласының іргесінде тұратын зейнеткер өз немерелерін арада 20 жыл өткен соң Германиядан тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бабушка блокадница

Бұл Еуразия бірінші арнасында Вера Федоровна туралы арнайы хабар шыққаннан кейін болған. Осыдан кейін әжей туралы бүкіл қазақстандықтар айтып, оның туыстары Германиядан табылған. Олар тіпті әлеуметтік желілер арқылы тіл табысып та үлгерген.

Вера Закирьянова өз немерелерімен 20 жылдан астам уақыт бұрын байланысын үзіп, ендігі олардың дауысын қайта естимін деген үміті де қалмаған. Әжейдің үш немере ұлдары мен екі немере қыздары бар. Олар 84 жастағы зейнеткердің білетін жалғыз туыстары еді.

Вера Федоровнаның ендігі арманы туыстарымен тезірек қауышу.

Алматы қаласының іргесінде өмір сүретін Вера Федоровна аулаларды сыпырып, ойын алаңдарын таза етумен көпшілікке танылды. Және әжей бұл әрекеті үшін ақы сұрамайды.

Вера Закирьянова Ленинград блокадасында, аштық пен соғыс қасіретінен аман өткен, алайда қиыншылықтар мен кедергілер оның өмірге, адамдарға деген сүйіспеншілігін бұза алмаған еді.

Ол Қазақстанға күйеуімен бірге 80-жылдардың аяғында көшіп келген. Қазіргі таңда Бесағаш ауылында тұрып жатыр.

30 қараша 2021, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.