Атырау, 19 сәуір 04:06
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Балалардың жаңа бапкері

2 686 просмотра

Өткен жылдың аяғында «Бейбарыс» хоккей клубының балалар бапкері Владислав ХРОМЫХ Атыраудан ХХЛ-да өнер көрсететін ресейлік «Спутник» клубының балалар командасын жаттықтыруға кеткен болатын. Қаңтардың соңынан бастап «Бейбарыс» балалар командасының бапкері болып 29 жасар латвиялық Андрес Свитинс (суретте) тағайындалды.

Андрес «Жайық самалына» АҚШ-тың және Еуропаның бірнеше хоккей клубтарында жұмыс жасағанын айтты. Өткен жылы ол «Бейбарыстың» бас бапкері Александр ИСТОМИНГЕ Чехия мен Финляндиядан легионерлер таңдауға көмектескен.

Андрес өз шәкірттеріне риза. Әрине, деңгейлері әр түрлі – тәжірибелі балалар да, конькиді жаңа кигендер де бар. Барлығы 60-қа жуық бала шұғылданады.

8-9 ақпанда Мұз сарайында «Бейбарыс» балалар тобының шәкірттері ақтаулық «Каспий» командасымен күш сынасты. Бірінші ойында біздікілер ақтаулықтарды 9:0 есебімен күйрете жеңсе, екінші ойынның негізгі уақытында есеп 8:8 болып, буллиттен атыраулықтардың мерейі үстем болды.

Андрестің айтуынша, Ақтауда Мұз сарайының жоғына қарамастан, «Каспий» командасы тәуір өнер көрсетті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

14 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.