Атырау, 21 қаңтар 23:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 434.24
€ 492.69
₽ 5.67

Қарағандыда жол апатынан алты айлық сәби қаза болды

459 просмотра

Қарағандыда екі көлік соқтығысып, алты айлық нәресте алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Майқұдықта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қақтығыс Mercedes-Benz E 220 автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісінің кінәсінен болған. Карл Маркс көшесінің бойымен Лиговская көшесінің қиылысында ол сары бағдаршамға өтіп, Volkswagen Golf-пен соқтығысқан.

Гольф көлігін 24 жастағы жүргізуші басқарған, ал көлікте 25 жастағы жолаушы мен оның алты айлық баласы болған.

Жүргізушілер мен жолаушы әйел ауруханаға жатқызылды. Өкінішке қарай, алты айлық сәби алған жарақатынан көз жұмды. Оқиға орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желіде жарияланды.

"Факт полицияға тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ДПД баспасөз қызметі.


29 қараша 2021, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.