Атырау, 16 сәуір 09:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Алдағы күндері елімізде 20 градусқа дейін күн жылынады

1 048 просмотра

Синоптиктер 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде республикада жаңбыр, қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Дегенмен ел аймақтарында күн біртіндеп жылынбақ.

Мәселен, Қазақстанның солтүстік жартысында 5 градусқа дейін, оңтүстікте 10-15 градусқа дейін Түркістан облысында 20 градусқа дейін күн жылынады. 2 желтоқсанда еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы түнде -5 градус аяздан +5 градусқа дейін көтерілсе, күндіз -3 градустан +5 градусқа дейін жылы болмақ. 

Маңғыстау облысында сынап бағанасы +10 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ, республиканың солтүстік-шығысы мен оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

29 қараша 2021, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.