2014 жылы жайылымдарды суландыруға көп көңіл бөлінетін болды. Бұл саладағы мемлекеттік субсидиялар бүкіл шығындардың 80 пайызын құрап отыр. Бұл туралы Астанада ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира ИСАЕВА брифингте хабарлады.
- 2020 жылға ел бойынша 8 млн гектар жайылымдық жерлерді суландыру үшін 4 мың құдық қазылуы тиіс. Бұл 28 млрд теңге тұратын болады. Оның 23 млрд-ын мемлекеттік субсидиялар құрайды. Қазір малдың 85 пайызы жеке үй-жайларда ұсталған. Ауыл маңындағы жерлер жайылымға жарамсыздау. Сондықтан біз фермерлердің анағұрлым шалғай өрістерге шығуына жағдай жасағымыз келеді.
Жергілікті гидрогеология ардагері Едіге САБЫРОВТЫҢ айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігінің отарлап мал өсіруді жоспарлауы дұрыс екен. Кейбір мәліметтер бойынша, 1991 жылы бүкіл облыстағы мал басымен салыстырғанда 1913 жылы Жылыой ауданында мал басы көп болған. Біздің өңір жердің беткі қабатына жақын орналасқан сулы деңгейлі емес. Индер ауданында малшылар диаметрі 3 метр және тереңдігі 2 метр құдықтар қазады. Нарын құмдарында су жиналатын қазаншұңқырлар қазылады. Құлсарыдан солтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым жерде Оңтүстік Ембі су бассейні мен Тайсойған құмдарында су бар. Бастысы - малшылар кез келген жерді қаза бермей, гидрогеологтармен кеңесулері керек.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ