Атырау, 30 қараша 03:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Атырауда террористік топ қамауға алынды

2 745 просмотра

"АЖ" мұрағатындағы сурет13 ақпанда Атырау облытық прокуратурасы баспасөз хабарламасын таратты:

«Атырау облысының құқыққорғау және арнайы органдарымен террористік топ анықталып, залалсыздандырылды. Топ мүшелері осы облыстың құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы бірқатар террористік актілерді жасауды жоспарлаған. Аталған топ негізінен Құрманғазы ауданының тұрғындары қатарынан құралған.

Бұл факті бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 2013 жылы 6 ақпан күні топ басшысы 1983 жылы туған Рамиз Кимге және топтың басқа да белсенді мүшелеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 233-2-бабының 2-бөлімімен (террористік топты құру, басқару және оның қызметіне қатысу) қылмыстық іс қозғады.

Қылмыстық істі тергеу кезінде топ мүшелерінің тұрғылықты мекен-жайларынан 2 аңшы мылтығы және қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың компоненттері табылды.

Топтың белсенді мүшелеріне және топ басшысы Р. Кимге қатысты сот қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Тергеу-жедел іздестіру шаралары жалғасуда.

Облыс аумағында жағдай тұрақты және құқыққорғау органдарының бақылауында.

Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі».

13 ақпан 2013, 18:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.