Атырау, 5 қазан 02:54
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қылмыс хроникасы

2 618 просмотра

6 ақпан күні таңертең Атырау-Аққыстау тас жолының бойында орналасқан шаруа қожалығының аумағынан электр трансформаторының детальдары ұрланған. 22 және 24 жастағы екі күдікті ұсталды.

***

7 ақпанда түнгі сағат 2-де Канцев көшесінің бойындағы көлік жуу орнында 20 жастағы қала тұрғыны құрдасын соққыға жыққан. Бұзақы ұсталды.

***

Құлсары қаласының тұрғыны Жылыой АІІБ-не 27 жастағы жергілікті тұрғынның оның 17 жасар қызын зорлағандығын хабарлады. Күдікті ұсталды.

***

Полицияға 30 жастағы Балықшы поселкесінің тұрғыны шағымданды: өткен жылдың ақпанында ол 60 мың теңгеге оны жұмысқа орналастырам деп уәде беріп, ақшасымен бірге ғайып болған 44 жастағы адамның алаяқтық әрекетінің құрбаны болған.

***

8 ақпанға қараған түні Құлманов көшесінің бойындағы мейрамханалардың біріне келген 26 жастағы жігіт 42 жастағы әйелді соққыға жыққан. Бұзақы ұсталды.

***

8 ақпанда түнгі сағат 3-те Ерниязов көшесі мен Сәтпаев даңғылының қиылысында «ВАЗ-2114» пен «Мерседес» соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде 24 жастағы «Лада» жүргізушісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмып, 23 жастағы жолаушы жарақаттар алған.

***

8 ақпанда қала маңындағы Рембаза поселкесінде шағын дүкен жанында жергілікті екі тұрғын жанжалдасып қалған. Нәтижесінде оның бірі ішіне салынған пышақ жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді.

***

10 ақпанда Элеваторный көшесінде су полициясының қызметкерлері балық тоңазытатын астыртын шағын цехты анықтады. Сол жерде 16 тонна сазаны бар 3 вагон-рефрижератор тұрған. 37 жастағы балық қожайыны оған тиесілі құжаттар ұсына алмады. Сол күні Элеваторный көшесінде цехқа қарай бара жатқан 4,5 тонна сазаны бар жүк көлігі ұсталды.

***

12 ақпан күні ертемен компаниялардың бірінің супермаркетінде үш жас жігіт зақым келтіретін тапаншамен төбеге атқан. Полиция жасағы үшеуін де ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

12 ақпанға қараған түні белгісіз біреулер үйлестіріп кілт салу арқылы, Нұрсая ықшамауданындағы пәтерге басып кіріп, 400 мың теңге тұратын зергерлік бұйымдарды қолды қылған. Осы ұрлықты жасады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының 32 және 33 жастағы екі тұрғыны ұсталды.

13 ақпан 2013, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.