Атырау, 1 желтоқсан 22:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Қазақстан полицейлерiне қаруды ескертусіз қолдану құқығы берiлуi мүмкiн

1 807 просмотра

Қазақстанда полицейлерге қаруды алдын ала ескертусіз қолдану құқығы берiлуi мүмкiн. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкi iстер органдары туралы» ҚР Заң жобасының (жаңа редакция) анықтамасында көрсетiлген, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi бұрынғыдай мемлекеттiк билiк өкiлi мәртебесiн сақтап қалады және олар мемлекет тарапынан қорғалатын болады. Қару мен арнайы құралдарды қолдану шарттары «Құқық қорғау қызметi туралы» Заңда анықталған. Бұған қоса, жаңа заң жобасы қызметкердi қорғау мақсатында оның өмiрiне қауiп төнген уақытта қаруды еш ескертусiз қолдану құқығын қарастырады»,- делiнген «ҚР Ішкi iстер органдары туралы» Заң жобасының анықтамасында.

«Қазақстан Республикасының Ішкi iстер органдары туралы» (жаңа редакция) ҚР Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарының 29-шы тармағын орындау мақсатында әзiрленген.

Заң жобасында iшкi iстер және бiлiм беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының арасындағы функцияларының ара жiгiн ашу, әртүрлi нормативтiк-құқықтық актiлердегi нормалар сәйкессiздiгiн, сондай-ақ полиция қызметiн құқықтық реттеудегi олқылықтарды жою ұсынылған.

Дереккөз: bnews.kz

13 ақпан 2013, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.