Атырау, 9 қазан 05:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Экс-министр Нұрымбетовтың ағасының жазасын өтеу мерзімі ұзартылды

1 382 просмотра

Тимуржан Нұрымбетовке – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың ағасының жазасын өтеу мерзімі қысқартылды, деп хабарлады ҚазТАГ басылымы Malim-ге сілтеме жасап.
«Екінші қараша күні апелляциялық сот үкімді қайта қарап, түрме жазасын екі жылға қысқартты. Яғни сотталған шенеунік енді сегіз жылын абақтыда өткізеді. Нұрымбетовтың қылмыстық іс-әрекеті мемлекетке 50 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Бір қызығы, сот үкімінде қылмыстық жолмен тапқан ақшаға ол «FVS 500» маркалы екі колонка, «Pudon» фирмасы шығарған микшер және микрофон алған деп көрсетілген. Сот шешімімен сәйкес, бұл заттар тәркіленеді», - делінген хабарда.
Еске салсақ, Нұрымбетов Жамбыл облысы еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы болып жұмыс жасаған кезінде 9 млн теңге көлемінде пара алған деп айыпталған еді. 1 маусымда белгілі болғандай, Тимуржан Нұрымбетов облыстық басқарма басшысы қызметінен кеткен, кейін 11 маусымда 10 жылға бас бостандығынан айырылған.
2021 жылдың қаңтарында Тимуржан Нұрымбетовтың інісі Біржан Нұрымбетовтың орнына Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне Серік Шапкенов келді.

18 қараша 2021, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.