Атырау, 9 қазан 05:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Ресей азаматы Қарағанды облысында 20 жыл бойы құлдықта болды

1 436 просмотра

Қарағанды облысында Ресей азаматы құлдықтан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде полиция назар аударған видео жарияланды.

Видеодағы ер адам Ярославль облысының тумасы екенін айтады. Ол Қарағанды облысының қыстақтарының бірінде екенін айтып, көмек сұрады.

Мен 20 жыл құлдықта болдым, мүмкін болса көмектесіңіздер, - дейді ол.

Облыс полициясы аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 126-бабы "Бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Жедел іздестіру шаралары барысында Шет ауданындағы полиция қызметкерлері 44 жастағы ер адамды – Ресей азаматын анықтады. Ол жиырма жыл бойы жергілікті тұрғын тарапынан заңсыз қанауға және еңбекке мәжбүрлеуге ұшырағанын түсіндірді, - деп хабарлады ПБ бастығының орынбасары Абиль Абильдин.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта күдікті ұсталды, тергеу амалдары жүргізілуде.

17 қараша 2021, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.