Атырау, 25 желтоқсан 06:29
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Педофилдер мен экстремистерге Қазақстанға кіруге тыйым салынуы мүмкін

1 207 рет қаралды

Қазақстанда кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталғандар мен экстремистік, лаңкестік әрекетке қатысы бар азаматтардың елге кіруіне тыйым салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты заң жобасымен жұмыс істеп жатыр.

"Заң жобасында көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау, кәмелетке толмағандардың жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткендері үшін сотталғандардың елге кіруін, азаматтық алуын шектеу, экстремистік немесе лаңкестік қызметке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салу, төтенше жағдайда мерзімі өтіп кеткен құжаттарды пайдалану мәселесін реттеу және басқалары көзделген", - деп хабарлады Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева.

Заң жобасын депутаттар тобы "Халықтың көші-қоны туралы" заңды және қолданыстағы өзге де заңдарды жетілдіру мақсатында әзірледі.

17 қараша 2021, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.