Атырау, 25 желтоқсан 03:32
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Pfizer вакцинасын ақылы түрде алу жыл аяғына дейін қолжетімді болады - Цой

1 263 рет қаралды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда Pfizer/BioNTech вакцинасын ақылы түрде салғызу жыл аяғына дейін шешілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Маңызды шешім қабылданды, үкімет Pfizer-ді коммерциялық сегментке жіберуді қолдады. Қазір оның механизмі әзірленіп, орыны анықталып жатыр. Біз Қазақстанның барлық өңірінде вакцинаны алуға мүмкіндік беріледі деп жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер тегін екпе алып жатыр. Қалғандарына, халықаралық сапарға шығатындарға вакцинаны алуға мүмкіндік болады", - деді министр.

Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның құны әзірге белгісіз екенін айтты.

"Бағасы анықталады, бұл коммерциялық сегмент. Белгілі бір бәсекелестік орта бар. 2021 жылдың аяғына дейін вакцина айналымға шығуы керек деп жоспарлап отырмыз", - деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, 2021 жылдың аяғына дейін Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны өңірлерге жеткізу, екпе салу механизмдері мен орны туралы шешім қабылдайды.

"Онда тізбектің барлық талабын сақтау өте маңызды. Бұл қазірдің өзінде тоңазытқыш қондырғылары, белгілі бір талаптары бар нысандарда болуы мүмкін", - деп қосты министр.

Цойдың айтуынша, Pfizer вакцинациясының қосымша жеткізілімі ұйымдастырылады.

"Ең бастысы, жеткізудің барлық тетіктері, құқықтық мәселелер пысықталды. Бұл өте үлкен жұмыс болды. Енді қосымша келісімдер арқылы жеткізу көлемін кеңейте аламыз. Механизмнің өзі, сатып алу-жеткізу тетігі пысықталды. Бірінші партия келді, енді бұл вакциналарды Қазақстанға апта сайын жеткізу жоспарланып отыр", - деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы. 

16 қараша 2021, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.