Индер аудандық ІІБ қызметкері қылмысты жасырды деген факт анықталды.
2012 жылдың 3 қыркүйегінде аудан орталығындағы кафелердің бірінде төбелес орын алып, кафеге 31 мың теңге зиян келген болатын. Алайда, аудандық ІІБ қызметкері белгісіз себептермен бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдаған.
Индер ауданы прокурорының аға көмекшісі Сырым АҚБОЛАТОВТЫҢ айтуынша, қазір бұзақылардың үстінен ҚР ҚК 257-баптың 2-бөлімімен («Бұзақылық») қылмыстық іс қозғалып, кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Ал ІІБ қызметкерінің ісімен Солтүстік аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы айналысуда.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА