Атырау, 14 желтоқсан 00:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.49
€ 547.88
₽ 5.06

Емнен кейін - егізден

2 115 просмотра

Мемлекет халықтың өсімпаздық денсаулығын дұрыстап қолға алған сияқты: енді экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) квоталарын жылдар бойы күтудің қажеті жоқ.

- Егер ерлі-зайыпты жұп бірге тұрып жатқан алғашқы жылдарында бала сүйе алмаса, олар үш айға созылатын толық тексеруден өтулері керек. Содан кейін жеті ай ем алады. Бұдан кейін де нәтиже болмаса, тегін ЭКҰ-ға ие бола алады. Ал бұрын ерлі-зайыптылар квотаға ие болу құқығын 5 немесе 7 жыл күтетін еді, - дейді облыстық перзентхананың бас дәрігері Ұлжан ХАСАНОВА (суретте).– ЭКҰ алуға құқылы әйелдердің де жасы 40-тан 43-ке дейін ұлғайтылды.

ЭКҰ ақысын төлеу бойынша мемлекеттік бағдарлама төрт жылдан бері жұмыс жасап жатыр. 2010 жылы Атырау облысы 3 жолдама, 2011 жылы 10, 2012 жылы 20 жолдама алды. 2013 жылдың бірінші тоқсанына 10 квота алып қойдық. 2011 жылы экстракорпоральды ұрықтандырудан өткен жұптардың арасында төртеуі бала сүю бақытына ие болса, 3 әйел жүкті болып, бірақ баланы көтеріп жүре алмады, тағы 3 әрекет нәтижесіз болды. Өткен жылдың қорытындылары жөнінде айтуға әлі ерте.

Қазіргі уақытта дәрігерлерде «бедеулік» диагнозымен 370 әйел және 18 ер адам есепте тұр.

Облыстық перзентханада бедеуліктен зардап шегетін жұптар мәселелерімен айналысатын арнайы кабинет ашылды. Сонымен қатар, қала мен аудандардың барлық емханаларында бедеу жұптардың тізімі жасалып, зерттеулер жүргізілетін болады. Ультрадыбыстық зерттеу мен жатыр түтіктері жолдарын тексеруден облыстық перзентханада тегін өтуге болады, ал гормональдық мәртебесін анықтаумен қаладағы басқа медициналық мекемелер ақылы негізде айналысады.

- Кейде облыстық деңгейде емделу де жеткілікті. Біздің перзентханада жатыр түтіктерін қалпына келтіру бойынша оталар жасалады. Мәселен, менің бір пациентім осындай отадан кейін егіз туып, соңынан тағы бір сәбиді дүниеге әкелді, - дейді Ұлжан Хасанова.

Енді бедеуліктен зардап шегетін жұптар облыстық перзентханадан кеңес ала алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

14 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.