Атырау, 10 желтоқсан 10:13
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Диагноз - үкім емес

1 769 просмотра

Облыстық онкологиялық диспансерде қатерлі ісік ауруларының профилактикасына арналған онкүндік скринингтік тексеру шарасына орай (ақпанның 1-і мен 10-ы аралығы) баспасөз конференциясы болып өтті.

Диспансердің бас дәрігерінің орынбасары Құмаржан МҰРАТОВ:

- Бүгінде науқастарда қатерлі ісік ауруының бастапқы сатысында табылуы көрсеткіші 50 пайызға өсіп отыр. Сондай-ақ, 2-ші сатыда табылған аурулардың пайыздық саны жоғарылап отыр. Ал 4-ші, 3-ші сатылардың пайыздық саны керісінше төмендейді, себебі 1-ші, 2-ші  сатыда табылған науқастар нәтижелі ем береді.

AЖ АНЫҚТАМАСЫ

Атырау облысында қатерлі ісікке шалдыққан-дардың саны 100 мың тұрғынға шаққанда 133,7-ні құраған. Соның ішінде өкпе, сүт безі, өңеш, асқазан қатерлі ісік аурулары кең таралған.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Гүлнәр МАМБЕТОВА:

- Біз пациенттерден өздері тұрып жатқан тұрғылықты жерлерінен уақытында емделуді талап етудеміз. Осыған байланысты ескертулер БАҚ-та үнемі шығып тұрады. Хабарландырулар автобустар мен вокзал, автобекет, әуежай т.б. маңдарына ілінеді. Осындай хабарландырулардың арқасында 2012 жылы скринингтік тексерулерден өткен халық саны көбейген.

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

14 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.