Атырау, 23 қараша 10:13
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мусин Назарбаевқа 2012 жылғы есеп комитеті жұмысының қорытындылары туралы баяндады

2 607 просмотра

АСТАНА,  13  ақп -Қазақстан жаңалықтары АА.  Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусинді қабылдады деп хабарлайды сәрсенбіде мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«А.Мусин Қазақстан Президентін Есеп комитетінің 2012 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың тиімділігіне бақылау жасау, сондай-ақ, бюджеттік қаражатты пайдалану нәтижелері туралы хабардар етті»,-делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сондай-ақ, кездесу кезінде Есеп комитетінің төрағасы Мемлекет басшысына «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды жоғары қаржылық бақылау органының орындауы туралы баяндады.

Бұған қоса, А.Мусин Мемлекет басшысына жергілікті бюджеттердің тиімді атқарылуын бағалау жөніндегі Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссиялары қызметінің нәтижелері, сондай-ақ трансферттер мен инвестициялар түрінде өңірлерге түсетін республикалық бюджеттік қаражаттың жұмсалуы туралы мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Дереккөз: newskaz.kz

13 ақпан 2013, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.