Индер ауданы әкімінің жылдық есеп беру жиналысындаоблыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ (суретте)жергілікті тұрғындарға мәдениет үйі, емхана, су тазартуқондырғысын салып, жолдарды жөндеу жұмысын бастауға уәде берді.
- Индер - облыстағы қараусыз қалған аудандардың бірі. Сол себептен әкімдердің есеп беру жиынын осы ауданнан бастап отырмын, -деді Б. Ізмұхамбетов.
ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Индер ауданы әкімі Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, 2012 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 млрд-қа жуық теңгені құрады. «ИСИГипсИндер» ЖШС 2011 жылы гипсокартон өндіруді 6,3 пайызға, «ПромСтройЦентрСервис» ЖШС гипсоблок кірпішін өндіруді 3,9 пайызға арттырған. «Тұз» ЖШС гипохлорит натрий өндіретін зауыт құрылысын биыл іске қоспақшы.
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР
Тұз шахтасының тағдыры инвесторлардың жоқтығынан шешілместен қалған. «Ақ бұлақ» бағдарламасы өз мәресіне жеткен жоқ.
Аудан әкімі Индербор поселкесіндегі мемлекеттік қабылдауға алынбаған, яғни 550 млн теңгенің су тазарту қондырғысы ауызға да алмады. Мердігер - «Аминастройсервис» ЖШС банкрот деп жарияланған болатын.
ӘКІМ СӨЗІНДЕ ТҰРА МА?
Әкімнің есебі тыңдалған соң, Б. Ізмұхамбетов биылдан бастап 400 орындық мәдениет үйі, бір уақытта 100 адам қабылдайтын емхана, 120 пәтерлік үй және ауданның ауыл-селоларындағы су тазарту қондырғылары құрылыстарының жобалау жұмыстары басталатынын хабарлады. Аудандағы жолдарды және мектептерді күрделі жөндеу жұмысы қолға алынбақ.
МАҚСАТ АЙҚЫН, МІНДЕТ АРТЫЛДЫ
Махамбет ауданы әкімі Ерлан ЖАҢАЕВТЫҢ есепті баяндамасы тыңдалған жиында облыс әкімі азық-түлік белдеуін қалыптастыру үшін Атырау-Индер жолын күрделі жөндеуден өткізу, Махамбет селосы тұсынан көпір салу назарда тұрғанын, бұған қомақты қаржы бөлінетінін атап айтты.
Ауыл шаруашылығын дамыту үшін «Қазсушар» РМК-ның Атырау филиалына қарасты каналдарды күрделі жөндеуден өткізу де қажет. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.
Бұдан бөлек Махамбетте 280 орындық балабақша құрылысы жоспарланған, 190 млн теңге бес білім беру және бір денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуге жұмсалады. Ақжайық пен Алға селоларында дәрігерлік амбулатория, мамандарға үй салынбақшы. Суарма сумен қамтамасыз ету мәселесі де биыл шешуге уәде етілді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ