Атырау, 23 қараша 10:17
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құрсағына героин құндақтаған әйел ұсталды

1 939 просмотра
Алматы-Бішкек тас жолындағы «Аян» бекетінде құрсағына 100 грамнан астам героин құндақтаған әйел ұсталды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.

«ІІМ есірткіге қарсы күрес комитеті мен Алматы қалалық есірткіге қарсы күрес басқармасы бірлесіп өткізген кешенді жедел-іздестіру шараларының барысында Алматы-Бішкек тас жолындағы «Аян» бекетінде бұрын ұрлық қылмысы үшін сотты болған, «Ауди-80» маркалы автокөлігінің жолаушысы Алматы қаласының тұрғыны 47 жастағы әйел қолға түсті. Гинеколог дәрігердің көмегімен жасалған тексеріс барысында одан 109,5 грамм героин табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматша уақытша оқшаулау абақтысына қамалды», - делінген ведомство ақпаратында.

Қазіргі таңда есірткі заттарын тасымалдауды ұйымдастыруға қатысы бар басқа да азаматтарды анықтау бағытындағы кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Алматы қалалық есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қала көшелерінің бірінде Жамбыл облысы Шу ауданының 27 жасар тұрғынын тінту барысында одан 245 грамм гашиш есірткісін тауып, тәркіледі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

13 ақпан 2013, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.