Атырау, 10 қараша 21:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Мұсылмандар Францияның ішкі істер министріне наразылық тудыруда

1 919 просмотра

Францияның Ішкі істер министрі Мануэль Вальс елдің 30 жылға созылған интеграциялық процестен ұтылғанын баяндайтын есепке қатысты өз пікірін білдірді. Министр франциялық мұсылмандарды жайына қалдыру жайлы пікірге үзілді-кесілді қарсы шықты. Оның айтуынша, Францияда «қоғамдық пікірді ластайтын» ислам туралы сөз қозғалмауы керек.  Бұл жайында ajib.fr ақпарат порталы хабар таратты.

«Әйелдердің бас бостандығын шектейтін хиджапқа қарсы ел болып, күресуіміз керек», – деп мәлімдеді ол француздардың әйгілі телеарнасына берген сұхбатында.

Бұған қоса, ол талай жылдан бері хиджапқа қатысты көзқарасының өзгермегенін айтты. Ол 2004 жылы француз мектептерінде діни нақыштағы киімдерді киіп жүруге, ал 2011 жылы ел аумағындағы қоғамдық орындарда ниқаб киюге тыйым салатын заңды жақтап, дауыс бергенін де жеткізді.

Министрдің бұл сөзі франциялық мұсылмандардың және осы елдегі ислам ұйымдарының наразылығын тудырды. Исламофобиямен күресетін белгілі франциялық ұйым министрді осы сөзі үшін айыптап, өз мәлімдемесінде «Франциядағы наным-сенім бостандығы үшін күресуге» шақырды.

Дереккөз: muslim.kz

13 ақпан 2013, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.