Атырау, 23 наурыз 20:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

Дубайда бірден бес егіз дүниеге келді

2 177 просмотра

Дубайдағы саудиялық-неміс емханасында бес егіз дүниеге келді. Бесіншісін күтпеген әке-шешесі қуаныштан көздеріне жас алған.

gulfnews.com. ақпараттық агенттігінің хабарына сүйенсек, 4 перзент күтіп жүрген 29 жастағы Раним Амир Бармада мен оның 33 жастағы жұбайы Хасан Мюнцер Бармада құрсақтан бесеу шығады деп ойламаған.

«Айран-асыр болдым да қалдым. Бастапқыда сенбедім. Бірақ, кейін мүмкін алтыншысы шығып қалар деген үміт те болды», – деді ебіл-дебіл жылаған егіздердің әкесі. 

Раним Амир ерледі. Құрсағы құтты ана бір туғанда екі қыз, үш ұлды бір-ақ тапты. Оның мерзімінен бұрын толғатып, егіздерді ішін жарып алғызғанын айта кету керек. Бес перзент сүйген анасының да, шала туған шараналардың да денсаулығы қалыпты. Егіздер қазіргі уақытта инкубаторда жатыр.

Saudi-German Hospitals Group емханасының саудиялық-неміс тобының басшысы, әйелдің аман-есен босануына септескен төрт дәрігердің бірі – Хасан Әлі мұндай жағдайдың сирек кездесетінін тілге тиек етті.

Дереккөз: muslim.kz

 

13 ақпан 2013, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.