Атырау, 27 желтоқсан 04:18
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Гепатит жұқтырған дәрігерлер іздестірілуде

1 938 просмотра

2013 жылы гепатитке тексеру барысында медицина қызметкерлеріне ерекше назар аударылатын болады.

Бұл туралыоблыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Дина КАМЕЛОВА хабарлады.Халыққа Вжәне С гепатиттері маркерлеріне тегін скринингтік тексеру үшінші жыл қатарынан  жүргізіліп отыр. Алғашқы екі жылда қан және оның компоненттері құйылған, ота жасатқан, тіс емдеткен ересектер мен балаларға көп көңіл бөлінді. Өткен жылы гепатитпен ауыратын 12 кішкентай пациент анықталған. Олардың барлығы ем алып жатыр. Айта кету керек, Қазақстан гепатитпен ауырғандарды емдеуді өз мойнына алған жалғыз мемлекет.

Ал биыл алдымен медицина қызметкерлері тексерілетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2009 жылғы лейкемиямен ауыратын балаларға ауруханада С гепатиті жұқтырылған Алматыдағы жанжалдан кейін, еліміздегі барлық медициналық мекемелер тексерілген болатын. Тіс дәрігерлеріне, акушерлерге, хирургтар мен процедуралық кабинеттердегі медбикелерге ерекше көңіл бөлінді. Тексеру барысында Атырау облысындағы кейбір медициналық қызметкерлердің вирусты гепатит маркерлеріндегі анализдері оң нәтижелі болып шықты. Толық емханалық және зертханалық зерттеулерден кейін 34 қызметкердің аурулары расталды, олардың ішінде тіс дәрігерлері, хирургтар, гинекологтар, анастезиологтар, медбикелер бар. Барлығы емделуге жіберілді. Әрине, олар жұмыстан шығарылмайды, тек хирургиялық оталар жүргізуге байланысты процедуралардан шеттетілді. Қызметкерлер қайта оқытылып, пациент қанымен тікелей байланыс жоқ учаскелерге ауыстырылды. Мәселен, ота жасап жүрген хирург ауруларды амбулаториялық қабылдау бөліміне жіберілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 ақпан 2013, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.