Трейдерлер мен инвесторлардың ресейлік журналы «Биржевой лидер» Яндекстегі іздеу жиіліктері мен БАҚ-та көп аталуына сүйене отырып, Қазақстандағы едәуір танымал банктердің рейтингін жасады.
Рейтингтегі бірінші орында тұрғын үй жағдайын жақсартуға кредит беретін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұр. Екінші орында депозиттер мен жалақы, сақтандыру бойынша қызмет көрсететін БТА Банк тұрса, 19 филиалы мен 99 бөлімшелері бар Еуразиялық банк үшінші орында түұр. Айта кетерлігі, алдыңғы екі банкке қарағанда, осы Еуразиялық банк БАҚ-та көп аталған.
Орталық Азиядағы ірі банктердің бірі – Қазкоммерцбанк, 5 орындағы Қазақстанның Халық банкінен бір саты жоғары орналасып, төртінші орынға тоқтады. «Банк Позитив Қазақстан», «КМҒ» МКҰ, «ТАИБ Қазақстан Банкі» еліміздегі танымалдылығы ең төмен банктер қатарында екен.
Forbes Kazakhstan дайындаған 2012 жылғы банк рейтингінде қазақстандық мекемелер мына тәртіппен орналасқан болатын. Бірінші ондық мынандай: 1. Қазкоммерцбанк. 2. Халық банк. 3. БТА Банк. 4. Банк ЦентрКредит. 5. АТФ Банк. 6. Қазақстан Жинақ банкі. 7. Альянс Банк. 8. Цеснабанк. 9. Kaspi Bank. 10. Евразиялық банк.
Дереккөз: bnews.kz