Атырау, 13 қазан 05:45
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Генерал Есетов украин кәсіпорындарынан пара алу күдігімен өзіне өзі қол салуы мүмкін

2 782 просмотра

2013 жылы 31 қаңтарда өзінің қызметтік кабинетінде басының оң жақ самайы тұсынан оқтан жарақаттанған Қазақстан Республикасы Ұлттық  қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының бастығы, генерал-майор Талғат Мәлгаждарұлы Есетовтің денесі анықталды.

ҚР Бас әскери прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және шынайы зерттеу үшін қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.

Іс бойынша барлық қажетті сот медициналық және криминалдық сараптамалар жүргізілді, Т.М. Есетовтің туыстары мен қызметтерінен жауаптар алынды.

Іс бойынша айғақтар жиынтығы Т.М.Есетовтің қайтыс болуы марқұмның өзіне бекітілген табельдік қарудан өзін өзі оққа байлауынан болғандығын дәлелдейді деп айтуға болады.

Тергеудің болжамы бойынша Есетовтың өз-өзіне қол салуының себебі, лауазымдық қызметті асыра пайдаланды деген күдіктен туындаған шиеленісті эмоционалдық жағдай болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды тұлғаларының авиациялық техникаға жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру кезінде қызметтік өкілеттіктерін заңсыз пайдалану фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Аталмыш іс шеңберінде украиналық кәсіпорындардан пара алуға қатысты Шекара қызметінің бұрынғы және қазіргі жекелеген басшыларының қатыстылығы тексерілуде, соның ішінде Т.М.Есетов бар.

Бұл ретте, Есетовке қатысты тергеу органдары, ол Шекара қызметінің орталық аппаратында жұмыс істеп жүрген 2010 жылы авиатехникаларды жөндеу бойынша жасаған келісімдерді зерттеді.

Т.М. Есетовтың 2012 жылдың желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысында апатқа ұшыраған АН-72 ұшағының күрделі жөндеуіне ешбір қатысы жоқ.

Т.М.Есетовтың өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Жоспарланған барлық тергеу амалдары аяқталған соң қорытынды процессуалдық шешім қабылданады, ол туралы қосымша хабарланатын болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

12 ақпан 2013, 13:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.