Атырау, 27 желтоқсан 00:52
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қазақ кәсіпкерінің дирижаблін Сочи Олимпиадасына пайдалану жоспарлануда

1 504 просмотра

Қазақ кәсіпкері Марат Тәмірбергеновтің дирижаблін Сібірдегі халықты Олимпиада кезінде арлы-берлі тасуға пайдалану жоспарлануда. Бұл туралы «Экспресс К» басылымы жазып отыр.  

Марат Тәмірбергенов негізі ағаш үйлер құрылысшысы. Ол құрылысқа қажетті ағаштарды Ресейдің Томск облысындағы орманнан тасиды. Алайда, Сібірдегі ауа-райының қолайсыздығына байланысты тасымал тек үш айға созылады екен. Дирижабль осындайда таптырмас көлік. Оған жүздеген тонна ағаш тиеп, алып жүруге болады.
Қазақ кәсіпкерінің дирижаблі кеңестік үлгіде Мәскеу қаласында жасалып жатыр. Ұзындығы 60 метрді құрайтын дирижабльдің құны - 25 млн. доллар. Одан анағұрлым аз жүк таситын тікұшақтардың құны 18 млн. долларды құрайды. Ресейліктер қазақ кәсіпкерінің дирижабліне қызығушылық танытуда. Сочи Олимпиадасы кезінде телеарна қызметкерлерін арлы-берлі тасымалдауға таптырмас көлік деп отыр.

Дереккөз: baq.kz

12 ақпан 2013, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.