Челябі облыстық балалар клиникалық ауруханасындағы хирургия бөлімінің дәрігерлері кішкентай баланың асқазанынан 40-тан астам кішкентай магнитті алып шықты.
Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады, деп жазады РБК.
Бір жас, төрт айдағы баланың анасы магниттердің аяқ астынан азайып қалғанын байқаған соң медициналық көмек сұрап келген.
Ультрадыбыстық зерттеу жасаған жергілікті емхананың дәрігерлері баланың асқазанындағы көптеген бөгде заттарды көрген. Сәбиді жедел түрде Челябі қаласының ауруханасына жеткізіп, онда оған бөгде заттарды алып шығу бойынша қуыстық ота жасалды.
Дереккөз: ҚазАқпарат