Атырау, 23 қараша 10:25
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Интерпол 45 қазақстандықтың ізіне түсті

2 223 просмотра

Интерпол халықаралық қылмыстық полиция ұйымы әлем бойынша 45 қазақстандықтың ізіне түсті. Оның 38-і ер, 7-еуі әйел. Әйелдер арасында ең жасы 23 жастағы Кристина Якунина, ең үлкені – 57 жастағы Лариса Водиниктова. Ерлерден ең жасы – жиырма жастағы Илья Зарва, ең үлкені – 64 жастағы Виктор Храпунов.  

Осы тізімдегілердің арасында мемлекеттің ақшасын жымқырған танымал Лейла Храпунова бар. Ал, оның күйеуі, Алматы қаласы мен Шығ.Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов та бар. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрі болған Храпуновтың үстінен 20 қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу салынуда. Интерполдың тізімінде «Қазатомпром» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті Рүстем Тұрсынбаев бар. Оған 20 млн. долларды жымқырды деген айып тағылып отыр.
Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің үстінен 13 түрлі қылмыстық іс қозғалды. Ол мемлекетке 42 млрд. теңге шығын алып келген.
Интерпол тізімінде 5 млрд. долларды қалтаға басқан Мұхтар Әблязов та бар.

Дереккөз: baq.kz

12 ақпан 2013, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.