Атырау, 16 қазан 13:20
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Жоба мақұлданды. Кешенді биыл аяқтаймыз

2 028 просмотра

Мұнай және газ министрлігі өндіру көлемін көбейту жөніндегі «ТШО» ЖШС ұсынған Теңіздегі келешек кеңею жобасын (ККЖ) мақұлдады.

Бұл туралы бүгін президент жолдауын насихаттау үшін Атырауға келген ҚР Мұнай және газ вице-министрі Берік ТОЛЫМБАЕВ облыс активінде хабарлады. Актив Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында жиналған болатын.

Толымбаев Атырау облысында жүзеге асырылатын жобалар бойынша қысқаша ақпарат беріп өтті. Біріктірілген газ-химия кешенінің құрылысына қатысты ол былай деп мәлімдеді:

- Өнеркәсіптің жаңа саласы ашылады. Бұл салымдар бойынша құны 6 млрд доллар болатын ең ірі жоба. Одан шығатын өнімдер Қазақстанда да, бүкіл дүние жүзінде де сұранысқа ие болады.

Жобаның бірінші кезеңінде – 2010-2015 жылдары – 5 мың адамға дейін, пайдалану кезеңінде – 459 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.

2016 жылы екінші кезең басталады. Бұл кезеңде 10 мың жұмысшыны жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Толымбаев Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумақтарында жүзеге асырылатын жаңа жоба – құны 1,2 млрд доллар болатын бутадиен және синтетикалық каучук өндіретін зауыт туралы хабарлады. Бұл жоба да 2 кезеңге бөлінген. Зауыт құрылысында 500-ге дейін адам және пайдалану кезінде 200 адам жұмыс жасайтын болады.

- Жоба араб инвесторларымен бірігіп жүзеге асырылады. ТЭН жасақталды. ТШО және КПО-мен жаңа өндіріске арналған шикізатқа қатысты келіссөздер жүргізілуде. ТШО тарапынан түсіністік және Қарашығанақ бойынша қиындықтар бар. Келіссөздерді «Самұрық-Қазына» атынан «Біріккен химия компаниясы» ЖШС жүргізеді. Таяудағы 2-3 айда барлық проблемалы мәселелерді шешеміз деп үміттенеміз, - деді вице-министр.

ККЖ бойынша: Мұнай және газ министрлігі жобаны мақұлдады. Биыл жобада 1900 адамға дейін жұмысшылар қамтылмақ. Ал құрылыстың шырқау шегінде – 2016-2018 жылдары жобада 9 мыңға дейін адамдар жұмыс істейтін болады.

- Вахталық әдісті ескерсек, аймақ бойынша жалпы жұмыспен қамтылу осы мерзімде 15-17 мың адамды құрайды, - деп мәлімдеді Толымбаев.

АМӨЗ-ді қайта жарақтау бойынша вице-министр былай деді:

- Мен кеше зауытқа бардым. Қалай жүзеге асырылып жатқанын көрдім. Әрине, біздің сұрақтарымыз бар, бірақ ең бастысы – жоба жүзеге асырылып жатыр. Қайта жарақтау аясында барлығы 3 879 адам, ал пайдалану кезеңінде 624 адам жұмыспен қамтылады. Биыл хош иісті көмірсутек өндіру кешенінің жобасын аяқтауға күш салатын боламыз.

Вице-министр Ақтау қаласындағы қуаттылығы 400 мың тонна битум өндіретін зауыт құрылысының аяқталғаны туралы да хабарлады. Бұл елдің бүкіл сұранысын жабады. Битумның бір бөлігі Атырау арқылы өтетін болашақ Астана – Ақтау заманауи автомагистралінің құрылысына жұмсалады.

Осы жерге келгенде зал іші қол шапалақтап, қошемет көрсетті.

- Астананы еліміздің шығыс, оңтүстік және батыс өңірлерімен байланыстыруға тапсырма берген президентке білдірілген қошемет деп ойлаймын. Таяу арада жарғылық қоры 3 млрд доллар болатын ұлттық компания құрылады. Ол жаңа автомагистраль салумен айналыспақ.

Вице-министр қазақстандық МӨЗ бойынша да айтып өтті:

- Шымкент МӨЗ-ы бойынша –ТЭН жасақтау аяқталды, көп кешікпей қайта жарақтауға жобалау-сметалық құжаттама дайындау басталады. 2015 жылға қарай Павлодар МӨЗ-ін қайта жарақтау және жаңарту жұмыстары аяқталуы тиіс. Президенттің тапсырмасымен, 2015 жылға қарай барлық үш отандық  МӨЗ қайта жарақталып, заманауи өнімдер шығаруы тиіс.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 ақпан 2013, 21:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.